25 Тамыз, 2013

Майк Тайсон өлім хәлінде екенін мойындады

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Майк Тайсон-2

Американың аты аңызға айналған кәсіпқой боксшысы Майк Тайсон алкогольді ішімдікті шамадан тыс ішіп қойғандықтан, өзінің өлім халінде жатқанын мойындады. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

«Кейде мен нашар жігіт болып кетемін. Осы өмірімде көп жамандық жасадым, енді сол кешірілсе деймін. Қазір алкогольді ішімдікті шамадан тыс ішіп қойғандықтан, өлім халінде жатырмын. Бірақ өлгім келмейді. Міне, алты күннен бері ішімдікті де, есірткіні де пайдаланбай жатырмын. Алда өмірім болса, бұдан былай олардың бірде-біріне жолағым келмейді», - депті ол БАҚ өкілдеріне.

Майк Тайсон боксшылық өмірінде 50 рет жеңіске жетсе, соның 44-ін нокаутпен аяқтаған. Сонымен бірге, 6 мәрте жеңілістің ащы дәмін татуға мәжбүр болды. Ол 1986 жылы Тревор Бербикті екінші раундта-ақ нокаутқа жіберіп, әлемнің ең жас чемпионы атанды. Осыдан кейін Халықаралық бокс федерациясы, Бүкіләлемдік бокс кеңесі және Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы версиялары бойынша абсолютті чемпиондыққа қол жеткізді.

Жанжалға бір табан жақын боксшы бұл табыстарынан бөлек, 1992, 1998 және 2008 жылдары үш рет сотты болды.

Руслан Игілік.