Қоғам • 23 Наурыз, 2020

Коронавирусты анықтауға арналған тест халық үшін тегін жүргізіледі - Дәурен Абаев

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізге таяу күндері коронавирусты анықтауға арналған 250 мың тест жеткізіледі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.

Коронавирусты анықтауға арналған тест халық үшін тегін жүргізіледі - Дәурен Абаев

«Мемлекет басшысы ақпаратты бір орталықтан таратуды тапсырды. Бұл жұмысқа жауапты болып Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бекітілді. Сондықтан алдағы уақытта біз сіздерге мемлекеттік комиссия, Үкімет, орталық мемлекеттік органдар атқарып жатқан шаралар туралы  тұрақты түрде хабарлап отырамыз. Бірақ бұл журналистердің жергілікті атқарушы органдармен қалыптасқан жұмысына кедергі келтірмейді. Денсаулық сақтау басқармалары қажетті болған кезде сіздермен бұрынғыдай байланысты болады», деді Дәурен Абаев.

Бұдан соң, ол жақында Қазақстанға коронавирусты анықтауға арналған 250 мың тест әкелінетінін айтты.

«Бүгінде елімізде 60 мың тест бар. Таяу күндері біздің қолымызға тағы да 150 мың тест түседі. Келісімшарт жасасу кезеңінде тұр. Тағы да 100 мың тест демеушілердің қаражаты есебінен сатып алынады. Коронавирусты анықтауға арналған тест халық үшін тегін жүргізіледі», деді Дәурен Абаев.

 

Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45