Әлем • 23 Наурыз, 2020

Италия билігі төтенше экономикалық жағдай режимін енгізді

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италияда төтенше экономикалық жағдайға байланысты дәріханалар мен азық-түлік дүкендерінен басқа барлық орындар жабық. Фабрикалардан бірінші кезектегі қажетті өнімдерді өндіретін зауыттар ғана жұмыс істейді. 

Италия билігі төтенше экономикалық жағдай режимін енгізді

Сондықтан елде адам қозғалысы азайды. Қоғамдық көлік жұмысы 75%- ға қысқартылып, темір жол қатынасы шектелді.

Қазір коронавирустың таралу саны бойынша Италия көш бастап тұр. Мұнда індеттен көз жұмғандар саны Қытайдың көрсеткішінен асып түсті. Өткен тәулікте Италияда 651 науқас қайтыс болды. Коронавирус құрбандарының жалпы саны 5500-ге жуық.

«Біз вирустың одан әрі таралмауы үшін қажетті шараларды күшейтуіміз қажет», деді Италияның Азаматтық қорғаныс басшысы Анджело Борелли.

Бірақ сарапшылардың пікірінше, Италия бұл індетті өз бетінше жеңе алмайды. Барлығы, соның ішінде армия жұмылдырылған, бірақ бұл жеткіліксіз.

Итальяндық ауруханалардың медициналық қызметкерлерінің шамамен 20%-ы вирус жұқтырған. Дәрігерлердің жетіспеушілігі байқалуда. Осыған байланысты Италияға бірқатар мемлекет көмек қолын созатын болды. Соның ішінде Ресей әскери медицина қызметкерлерін жіберетінін хабарлады. Сондай-ақ өткен демалыс күндері Ломбардияға Кубадан дәрігерлер бригадасы келді.