Осы жағдайға орай оқушылардың қоғамдық көліктерде жүріп-тұруын қамтамасыз ететін жеңілдікті жол жүру карталарының күші де автоматты түрде уақытша тоқтатылды.
- Біз бұл карталарды оқушыларға каникул кезінде қыдыруы үшін емес, оқу кезінде мектепке баруын қамтамасыз ету үшін берген болатынбыз. Ал коронавирус өршіген уақытта қыдырудың мүлдем қажеті жоқ. Балаларға коронавирус жоламайды дегеннің өзінде олар осы вирусты тасымалдау көзіне айналуы мүмкін. Сондықтан сабақ басталғанша карталардың күшін уақытша тоқтаттық,- деді осы мәселе жөнінде түсінік берген Мәскеу мэриясының өкілі.