Яғни, бұл көне ескерткіштер-жер бетінде жатыр, музей-қорыққа айналдырып, табиғи жәдігерлерді сақтап қалуымыз керек.
Бұған дейін, Кеңес өкіметі кезінде, 70 жылдары археологиялық зерттеулер жүргізілген. Кейін 1998 жылдары облыстық музей де зерттеулер жүргізгенімен, әлі күнге дейін кешенді зерттеу қолға алынбаған.
Тіпті, айдалада жатыр деген бе екен, күнбасты, мүйізді бұқаны соқаға жеккен адамдардың бейнелері анық көрінетін тастардың осы тұстарын қиып әкеткен көрінеді.
Ал, тарихшы Қайрат Батталовтың айтуынша,бұл Солтүстік– Шығыс Сарыарқа далаларында энеолит, қола, ерте тас ғасыры дәуірлерінде өмір сүрген тайпалардың тасқа сурет салу өнерін және рухани мәдениетін сипаттайды
Жалпы, ескерткіштің алаңы үлкен. Мұнда бұқалар, аттар, бұғылар, түйелер, жыртқыш мысықтар, сонымен қатар антропоморфты бейнелер мен аң аулау көріністері бейнеленген.
Хронология жағынан оларды 3 негізгі кезеңге бөлуге болады: энеолит, қола және ерте темір дәуірлері. Бейнелер қынамен жазылған.
Алғашқы хронологиялық кезеңге басы төмен қараған ірі тұмсық тәрізді мүйізі алға қарай шығыңқы бұқа көрінеді. Бұлар Шығыс Қазақстан мен Моңғолия петроглифтерімен сәйкес.
Өлеңті өзенінің жағалауында алғашқы қауымдық құрылыс адамдарының ежелгі аңыздарындағы бейнелеріне ұқсас бейнелер кездеседі.
Ал, мысық тәрізді жыртқыштар бейнесі ежелгі темір дәуіріне жатады. Бұл кезеңнен скиф-сақ өнерінің дәстүрлі бейнелері: бұғы, ақ бөкендер көрінеді.
Иә, Өлеңті жазбаларының, суреттерінің өзіндік стилистикалық, көркемдік ерекшеліктері бар. Сондықтан, ескерткіштер толығымен кешенді зерттеу қажет.
Қайрат Батталовтың айтуынша, өйткені, бұл жер - неолит пен энеолит дәуірінің мекені, қола дәуірінің жерлеу орны мен ежелгі темір дәуірінің,көшпенділердің қорғаны болған.
Ата-бабамыз ежелден бері тас бетіне суреттер қашалған жерлерді исламға дейінгі тәңіршілдік дәстүрлеріне сай қасиетті, киелі, тәуіп ету орындары деп білген.
Енді Өлеңті секілді қасиетті көне сыры бар жерлерді ата-бабамыздың көзіндей сақтап, қорғап қалсақ-өткенге тағзым.
Павлодар облысы
Екібастұз қаласы аумағы