Қазақстан • 24 Наурыз, 2020

​Қазақстандықтар Польшадан үйлеріне оралды

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, коронавирус пандемиясы аясында әлемдегі қолайсыз жағдайға байланысты біздің отандастарымызды Қазақстанға қайтару бойынша қабылданып жатқан шаралар аясында, Польшаға отандық SCAT әуекомпаниясының арнайы чартерлік рейсі жіберілді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

​Қазақстандықтар Польшадан үйлеріне оралды

Польша билігі енгізген режим мен шекарасының жабылуына қарамастан, Варшавадағы Қазақстан Республикасының Елшілігінің күшімен қазақстандық жолаушыларды отанымызға қайтару туралы келісімге қол жеткізілгенін атап өткен жөн.

 

Біздің дипломаттарымыздың, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қызметкерлерінің, сондай-ақ жергілікті билік пен қазақстандық әуекомпания өкілдерінің үйлесімді жұмысы нәтижесінде ұшуын бірнеше күн бойы күтіп отырған 207 жолаушы Қазақстанға сәтті оралды. Жолаушылардың басым бөлігі Еуропада оқитын қазақстандық студенттер болып табылады.

 

Күндіз-түні еңбек етіп, өз денсаулықтарына төніп тұрған қатерге қарамастан отандастарын рухани төзімділіктің жеке үлгісімен сергіткені үшін біздің Варшавадағы әріптестерімізге алғысымызды білдіреміз.