![Нұр-Сұлтан қаласына кіріп-шығу үшін қандай құжаттар керек?](/media/2020/03/24/b097be2f-03f0-48c5-b4c6-5b7176691f30.jpeg)
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мәліметінше, Қазақстан астанасының аумағына кіру(шығу) өткізу-тексеру бекеттері арқылы келесі құжаттар болған жағдайда ғана жүзеге асырылады: алып жүрушінің жеке куәлігі мен төлқұжаты, тауардың (азық-түлік, құрылыс материалдары, дәрі-дәрмек пен темекі өнімдері) тауар-көліктік жүкқұжаты.
Сонымен қатар, кіретін (шығатын) тұлғалардың өздерімен бірге жеке санитарлық қорғаныс құралдары болуы тиіс: санитайзер мен гигиена құралдары (қосымша маска мен резеңке қолғап); қосымша жеке санитарлық қорғаныс құралдары (маска, халат, резеңке қолғап).
Оған қоса, Жадынамада көрсетілгендей, қала аумағына тауар жеткізу келесі мерзімге дейін жүзеге асырылуы керек: құрылыс материалдары мен азық-түлікке жатпайтын тауарлар түнгі уақытта сағат 22:00 мен таңғы 05:00-ке дейін; азық-түлік тауарлары, темекі бұйымдары мен дәрі-дәрмек өнімдері- тәулік бойы. Бұдан бөлек, астанаға ұзақ мерзімге келген көлік құралдары есепке алынады. Жүк көліктеріне штабтың келісімінсіз жүріп-тұруға рұқсат берілмейді. Қала аумағына көлік құралдарын өткізуге арналған өтінім үлгісі төменде көрсетілген.