Елорда • 24 Наурыз, 2020

Елордалықтарға коронавирустың алдын алу шаралары теледидар және радио арқылы хабарланады – ТЖД

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бауыржан Сыздықов коронавирустың алдын алу шаралары теледидар және радио арқылы хабарланатынын айтты, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Елордалықтарға коронавирустың алдын алу шаралары теледидар және радио арқылы хабарланады – ТЖД

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қаланың әкімдігімен бірлесіп, барлық теледидарлар және радиоэфирлерде қаладағы жағдай бойынша құлақтандырады.

«Сіздерден сұрайтынымыз, сол берілген ақпараттарға құлақ асып, ақпаратта айтылғандарды бұлжытпай орындауды сұраймыз. Барлық атқарылып жатқан іс-шаралар біздің азаматтардың денсаулығын сақтау мен олардың өмірін сақтауға бағытталған», - дейді Б.Сыздықов.