Әлем • 24 Наурыз, 2020

Қырғызстанның бірқатар аймақтарында төтенше жағдай жарияланады

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстанның Бішкек, Ош, Жалалабад қаласы, Ош облысының Ноокат және Кара-суу ауданы, Жалалабад облысы Сузак ауданында 25 наурыз бен 15 сәуір аралығында коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жарияланады.

Қырғызстанның бірқатар аймақтарында төтенше жағдай жарияланады

Сооронбай Жээнбеков әлемдегі қиын жағдайды, сондай-ақ елде коронавирус инфекциясы қарқыны артып келе жатқанын атап өтті.  

Осыған байланысты президент Бішкек, Ош және Жалал-Абад, Ош облысының Кара-Суй, Ноокат аудандарында, Джалал-Абад облысының Созақ ауданында төтенше жағдай енгізу туралы шешім қабылдағанын айтты.

Президент қол қойған тиісті Жарлыққа Жогарку Кенеш қолдау білдірсе, төтенше жағдай 25 наурыз сағат 08.00-ден бастап 2020 жылдың 15 сәуірі сағат 08.00-ге дейін енгізіледі.

Аталған қалалар мен аудандардың аумағында комендатура құрылды.

Жээнбеков осы аудандардағы санитарлық-карантиндік бекеттерден өту кезінде азық-түлік және басқа да тауар таситын жүк көліктеріне баса назар аударуды тапсырды.

Азық-түлік, дәрі-дәрмек тасыған көліктерді блокбекеттерден кезексіз өткізіп жатыр. Басқа жақта тұратын мемлекеттік орган қызметкерлері арнайы өткізу қағазының көмегімен өтеді.

23 наурыз күнгі дерек бойынша, Қырғызстанда 16 адамнан коронавирус табылған: 7 ер адам, 9 әйел.

Сондай-ақ Әзербайжан астанасы Баку қаласы коронавирусқа байланысты жабылды. 19 наурызда Баку мен оның маңындағы Сумгаит қаласы және Апшерон ауданына көліктердің кіруіне тыйым салынды. Блокпостардан тек жедел жәрдем және құтқару қызметі, жүк, полиция көліктері ғана өте алады. Шектеу шарасы кемінде 29 наурызға дейін күшінде болады.