Аймақтар • 24 Наурыз, 2020

Наурыздағы қуаныш

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетау қаласындағы арнайы комиссияның шешімімен апатты жағдайда деп танылған, тоқсан отбасы қоныстанған көпқабатты үйдің жыры жақсылықпен аяқталды.

Наурыздағы қуаныш

Облыс орталығындағы Вернадский көшесіндегі көпқабатты 11-інші үй апатты жағдайда болғандықтан, әне-міне сүріледі деп күтілген болатын. Тоқсан отбасыға қала әкімінің орынбасары С.Шабаровтың айтуы бойынша жалдамалы пәтерлер беріледі делінген. Бірақ, бұл шешім тұрғындардың наразылығын туғызды. Бүгінгі күні қала басшылығы ел тілегін ескере келе, қиын түйіннің тиімді шешімін тауып отыр. Қала әкімі Амангелді Смайыловтың айтуына қарағанда, апатты үйде тұратын тұрғындар өздерінің пәтерлеріне сай көлемдегі жаңа баспанаға ие болмақ.

–Соңғы шешім әділет басқармасында. Біз қолға алып отырған шараның заңдылығын солар тексереді. Біз өз тарапымыздан тұрғындардың тізімін жасап, кімнің қанша шаршы метр баспанасы бар екендігін есептеудеміз,–дейді қала әкімі.

Қала басшылығының шешімін апатты үйдің тұрғындары қуанышпен қарсы алды. Оларды да әбден түсінуге болады. Өзіңдікі болғанға не жетсін?!