Қоғам • 24 Наурыз, 2020

Агроөнеркəсіптік кешен жəне тамақ өнеркəсібіне басымдық беріледі

263 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Карантин кезінде импортты алмастырудың тетігі қандай? Отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету жолдары қаншалықты қарастырылған? Осы жəне басқа да өзекті сұрақтарға «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов facebook-те тікелей эфир барысында жауап берді.

Агроөнеркəсіптік кешен жəне тамақ өнеркəсібіне басымдық беріледі

Кәсіпкерлерге негізгі қолдау «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша көрсетіледі. Əсіресе ерекше басымдық – агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібіне беріледі.

«Қарапайым заттар экономикасына» келетін болсақ, онда қосымша қаражат қарастырылған. Жақын арада бұл жайында хабарлайтын боламыз. Бірінші кезекте қаражат АӨК, тамақ өнеркәсібіне бағытталатаны болады. Қазір өнім толық көлемде қолжетімді бағада жеткілікті болуы үшін азық-түлік бойынша толық қажеттілікті қамтамасыз ету маңызды. Сондықтан бірінші кезекте осы секторларда импортты алмастыруға көңіл бөлінбек.Үкіметпен бірлесіп жұмыс істейміз. Барлығы жолға қойылған», – деді А.Мырзахметов.

«Атамекен» Үкімет және жетекші мемлекеттік органдармен өзекті мәселелерді шешу бойынша жүйелі жұмыс жалғастыруда деді басқарма төрағасы. Бүгінде шығынға ұшыраған – қызмет көрсету саласына қолдау жұмыстары белгіленген. Бұдан басқа қазір несие, салық төлемдері, жалға алу және коммуналдық қызмет төлемдерін тоқтатуға қатысты мәселелер күн тəртібіне қойылған.

 «Несиелер бойынша мәселе өткен аптада көтерілген болатын. Өсімақы, айыппұлдар төтенше жағдай кезінде толығымен тоқтатылды. Зардап шеккен кəсіпкерлерге келсек, əрине бірінші кезекте қызмет көрсету саласына қатысты. Президент ұлттық банкке зардап шеккен ШОБ өкілдерінің несиелері бойынша негізгі қарыз және пайыз төлемдерін тоқтата тұруды сұрады. Қазір Қаржыгерлер қауымдастығы агенттігі, банктермен кеңесуді бастады», – деді палата басшысы.

Еңбек қатынастары мәселесі де ұдайы назарда деп жеткізді спикер. Бұл мақсатта ұлттық палата кадрларды босатуға қатысты сауалнаманы іске қосып, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтау және бағаларды ұстап тұруға байланысты ұсыныстарын жасады.

«Біз кері байланысты ары қарай жалғастырамыз. Қысқарту бойынша сауалнаманы іске қостық. Барлық кәсіпкерлерден екі күн ішінде хабарласуды сұраймыз», – деді Басқарма Төрағасы.

Тікелей эфирді қорытындылаған палата жетекшісі қазақстандықтарды сабыр сақтап, барлық қажетті қауіпсіздік шараларын орындауға шақырды.