Қоғам • 24 Наурыз, 2020

Еріктілердің елге шарапаты

372 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы бір қиын шақта ел ішіндегі еріктілер мұқтаж жандарды назардан тыс қалдырмай, қамқорлықтарына алып отыр. Жанашырлықтары мол жастардың жақсы ісі көпке өнеге болуға әбден лайықты.

Еріктілердің елге шарапаты

Ерікті жастар облыс орталығындағы жүріп-тұруы қиын немесе сырқат меңдеген қарияларды қамқорлықтарына алып отыр. Олар азық-түлік пакеттері мен дәрі-дәрмектерін егде адамдардың пәтерлеріне жеткізіп беруде. Емханада есепте тұратын аталар мен әжелерге қажетті дәрі-дәрмекті қаладағы дәріханалардан сатып алып, мекенжайларына жеткізеді. Қазір мұндай жанашырлық іс-әрекет облыстың барлық аудандарында қолға алынған. Нақтылап айтсақ, еріктілер екі мыңнан астам қарияларға қоллғанат болып отыр. Ауылдық жерлерде аулаларды қардан тазалау, қарғын су ағып кету үшін ор қазу тәрізді жұмыстар да атқарылуда. Қазіргі сәтте тазалық басты назарда. Жалынды жастар қариялар тұратын үйлердің маңайын тазалауға да ат салысып жүр. Ізгі ниеттің арқасында кембағал қарттар қиындықпен жалғыз алыспайтынын сезініп, ақ алғыстарын жаудыруда. Діттеген жеріне жеткен қамқорлықтың өзі көңіл жадыратады емес пе.

–Осы бір қариялардың көңілін көтеретін қолғабыспен бірге қаладағы сауда орындары мен көпшілік жиналатын жерлерде әртүрлі ескертпелер жазылған парақшаларды таратып, адамдарды сақтануға үндеп жүр,–дейді Ақмола облыстық жастар ресурстары орталығының басшысы Анаргүл Белгібаева,–оған қоса «Менің үйім – менің денсаулығым» челленджін дайындадық. Қала тұрғындары көпқабатты үйлерінің кіре берістерін тазалап, сақтануда.

Бірлік бекем болса, ынтымақ та ұлғай түседі.

 

Ақмола облысы