Экономика • 24 Наурыз, 2020

Әлемдік экономика 2021 жылы қалыпқа келе бастайды

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық валюта қоры дағдарыс жағдайы биыл күрделеніп, келесі жылы қалыпқа келе бастайтынын айтты.

Әлемдік экономика 2021 жылы қалыпқа келе бастайды

Бұл туралы G20 телеконференциясында Халықаралық валюта қорының басшысы Кристалина Георгиева мәлімдеді. «Коронавирус пандемиясына байланысты қазіргі таңда көптеген елдің банктері саясатын өзгертіп, ел жағдайына орай әрекет етіп отыр. Вирустың таралуына байланысты адам шығыны көп. Экономика да құлдырай бастады. Осыған байланысты әлем елдері күш жігерін індетті жеңуге жұмылдырып, неғұрлым экномикалық шығынды шектеуге ұмтылуы тиіс» деді ол.

Әлемдік экономистердің болжамынша, COVID-19 вирусының зардабын экономика саласы әлі де тартады. Вирус неғұрлым жылдам ауыздықталса, соғұрлым экономика тез қалпына келмек. Қазірдің өзінде әлемнің 80-ге жуық елі Халықаралық валюта қорынан көмек сұраған. Олардың мәселесін оңтайлы шешу үшін қор бірқатар халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп, жұмыстар жүргізуде.

Мамандардың пікірінше, дүниежүзін дүрбелеңге салған пандемия экономикасы қарқынды дамыған елдерден гөрі дамушы елдердің экономикасына орасан шығын әкелмек. Дегенмен де құлдыраған экономика 2021 жылы қайтадан қалпына келеді, дейді экономистер.

 

Қымбат НҰРҒАЛИ

 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024