– Қиын кезеңде өз-өзімізді сабырға келтіріп, оптимизмді сақтау өте маңызды, – дейді Абай тігін фабрикасы шеберлерінің жетекшісі Ирина Малюк.
Кәсіпорын ісмерлері таза мақта матасын пайдаланып, сапалы маскалар тігеді. Бір ерекшелігі, оларды жуып, үтіктеп, қайта пайдалануға болады.
Өнімге зауыттар, құрылыс компаниялары, наубайханалар, медициналық мекемелер және облыс тұрғындары тапсырыс береді. Ирина Малюктің айтуынша, фабрика күніне 2 мыңнан 4 мың данаға дейін маска тігеді екен.
Өндірілген тауар тұтынушылардың көңілінен шығуы үшін, тігіншілер ақ және қара түсті маскалармен қатар көңілді бастырмалары, кесте, позитивті жазулары бар бетперделерді де ұсынабастады.