Қоғам • 25 Наурыз, 2020

Елбасының бастамасын қолдады

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

KAZ Minerals тобының басшылығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына коронавирустық пандемияға қатысты үндеуін және атап айтқанда, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Үкіметтің осы қиын кезеңдегі әрекеттерін қолдауға шақырғанын қолдайды.

Елбасының бастамасын қолдады

Алғашқы күннен бастап компания Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы төтенше жағдай мен карантинге сәйкес дағдарысқа қарсы бірқатар шараны белсенді түрде жүзеге асыруда, сондай-ақ жұмысшылар мен өндіріс мүдделеріне көптеп көңіл бөлініп отыр.

Компания Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қиын жағдайға тап болған отандастарымызға көмек көрсету идеясын қолдайды және осы мақсатта 400 млн теңге резервке сақтады.