Руханият • 25 Наурыз, 2020

Әлеуметтік көмек көрсетуге кірісті

437 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Nur Otan партиясы мен Jas Otan жастар қанатының бел­сен­ді­лері көп балалы және аз қамтылған отба­сы­ларға, сондай-ақ ерекше қажет­ті­лік­тері бар азаматтарға және жалғыз бас­ты зейнеткерлерге көмек көрсетуді жалғастыруда. Акция Қазақстанның барлық аймақта, соның ішінде елорда және Алматы қаласы маңындағы елді мекендерде өтуде. Мәселен, бүгінде 720 отбасы атаулы көмек алды. Jas Otan ЖҚ жетекшісі Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, еріктілер күн сайын 400 үйге барады.

 

Әлеуметтік көмек көрсетуге кірісті

«Әлеуметтік жағынан осал 10 мыңға жуық отбасы партиядан қайырымдылық жиынтығын алады. Қазір карантин кезінде үйден ерекше себептерсіз шығуға болмайды. Сондықтан біздің волонтерлеріміз 2 апта ішінде оларды барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етуге тырысады. Мұнда жарма, макарон, күріш, май, міндетті түрде медициналық маскалар, антисептиктер секілді заттар қамтылған. Сонымен қатар біз коронавирустың алдын алу бойынша қажетті ақпараты бар жадынамаларды да таратамыз»,  деді Елнұр Бейсенбаев.

Бұған дейін партия лидері Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясына «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары шеңберінде мұқтаж қазақстандықтарға атаулы көмек көрсету үшін 150 млн теңге бөлуді тапсырды. Бұл қаражатқа партиялықтар мен Jas Otan волон­терлері халықтың әлеуметтік осал топтарына байланыссыз жеткізуі үшін медициналық мас­ка­лар, антисептикалық құралдар және басқа да бірінші қажеттіліктегі тауарларды сатып алды. Сонымен қатар партияның Орталық аппараты пен филиалдарының қызметкерлері осы қажеттіліктерге өздерінің бір күндік жалақысын аударған болатын.

Өңірлердегі партия мүшелері де сырт қалған жоқ. Мысалы, Шымкент қаласының кәсіпкері Қайрат Молдасейітов карантин жағдайында халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетуге 20 млн теңге бөлді. Оның бастамасын қарағандылық кәсіпкер, Nur Otan мүшесі Ғабдолла Дүйсенбаев қолдады. Ол экспресс-тест сатып алу үшін қайырымдылық көмек ретінде
5 млн теңге аударды.

Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиа­лы да қазақстандықтарды қолдау көрсетуге шақырды. Нұротандықтар демеушілік көмек көрсеткісі келетін азаматтарға арнайы шот ашты.

Көмек жіберу үшін деректемелер:

«Жаңа Алатау» қоғамдық қоры

СТН 600 300 567 791

БСН 080 740 011 034

ЖСК № KZ826 010 131 000 165 601

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

БИК HSBKKZKX

КБЕ 18 ТТК 119

Телефон: 8 (727) 396-74-20

 

 

Соңғы жаңалықтар