Коронавирус • 25 Наурыз, 2020

23 адам оқшауланды

348 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында коронавирус індеті өршіген 1 «А» тобындағы елдерден келген 23 адам арнайы оқшауланып, карантинде жатыр. Сондай-ақ 1 «Б» категориясы бойынша 76 адам үй карантинінде, арнайы емханалар мен медицина қызметкерлерінің бақылауында.

23 адам оқшауланды

Облыстық тауарлар мен көр­сетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау депар­таментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев өңір тұрғындарынан төтенше жағдай режімін бұзған дүкен-кафелер туралы ақпаратты 87000109109 нөміріне Whatsapp желісі арқылы жіберуді сұрап, мәлімдеме жасады.

– Төтенше жағдайға байланысты өңірде әлеуметтік маңы­зы бар азық-түлік бағасы өсіп кет­пеуі үшін жүйелі жұмыс жүр­­гізіп жатырмыз. Кәсіпкерлік нысан­дарымен тығыз қарым-қаты­нас орнаттық, тауар бағасы ба­қы­лауда. Төтенше жағдайдың алғашқы күндері, яғни өткен аптада Орал қаласында картоп бағасы өскені рас. Кейбір азық-түлік Оралға негізінен шет­е­лден келеді. Біз негізінен көтерме саудамен айналысатын кә­сіп­керлермен жұмыс істеу­деміз. Қазір бәрі қалыпқа келді. Алаңдауға негіз жоқ, – дейді об­лыстық кәсіпкерлік және ин­дус­триялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орын­басары Мақсат Құланбаев.

Батыс Қазақстан облысы мен Ресей Федерациясының арасында Сырым, Тасқала, Шаған, Ақсай, Жәнібек және Орда деп аталатын 6 авто­көлік өткізу бекеті бар. Об­лыс­тық Мемлекеттік кіріс депар­та­менті экспортты ба­қы­лау бас­қар­масының басшысы Ерболат Ғайнешовтың айтуынша, бұл бекеттер штаттық режімде жұмыс істеп тұр. Үкімет қаулысына орай көлік тасқыны негізінен Тасқала мен Сы­рым шекара бекетінен өту­де. «Ше­карада кезекте тұрған көлік жоқ. Төтенше жағдай жа­рия­­лаған кезде тәулігіне 1300-дей көлік өтіп, аздаған қарбалас болға­ны рас. Қазір тәулігіне 800-дей авто­көлік өтуде.

Елімізде өте қажетті жеке медициналық қорғаныс құрал­дарын шекарадан шығармау тапсырылған болатын. Облыс аумағындағы кеден бекеттерінде осындай үш оқиға кездескен. Ресей Федерациясы аумағына ме­­ди­циналық қолғаптарды, бас­­қа да жеке қорғаныш құрал­дарын көп мөлшерде алып өт­пек болған үш автокөлік кері қайтарыл­ған.

Өңірде медициналық бетперде тапшылығы әлі сезілуде. Көптеген дәріханадан бетперде табу мүмкін емес. Алайда М.Арыспаев Орал қаласында 7 кә­сіп­орын медициналық маска тігуге кіріскенін, тағы бір жер­гілікті фирма тері антисепти­гін шы­ғарып жатқанын айтып, тұр­ғындар сұранысы жуық арада қа­на­ғат­тандырылатынын айтады.

 

Батыс Қазақстан облысы