Қоғам • 25 Наурыз, 2020

Тексеруді тоқтата тұруды сұрады

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бизнес-омбудсмен Рустам Жүрсінов ел Премьер-Министрі мен Бас прокурорға кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жоспарланған тексерістерді Қазақстанның барлық аумағында жарияланған төтенше жағдай мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында енгізілген карантин аяқталғанға дейін кейінге қалдыру бойынша шаралар қабылдауды сұрап хат жолдады.

Тексеруді тоқтата тұруды сұрады

Ел Президентінің Қазақстан­дағы қызметкерлерді 70%-ға де­йін қашықтан жұмысқа ауыс­тыру тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы көптеген кәсіп­орын мен ұйымдар қызмет­керлердің бір бөлігін қашықтан жұмыс істеуге жіберді, қалған бөлігі қысқартылған күн тәртібі бойынша жұмыс істейді.

Осындай жағдайда бақылау­шы органдар тарапынан тексеру­лер басталды және олар кел­ген кезде барлық жауапты қыз­меткерлер жұмыс орнында бол­май­ды, ал кейбір объектілер жабық.

Сондай-ақ кәсіпкерлер мем­лекеттік инспекторлардың өздері ауруды тасымалдаушы болуы мүмкін деп қауіптенеді. Осы мәселеге қатысты кәсіпкерлерде көптеген сұрақ туындады. Биз­нес-омбудсменнің атына және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлерден көп­теген шағым түсіп жатыр.

Бұл ретте өртке қарсы қа­уіп­сіздік органдары сияқты кей­бір мемлекеттік органдар үй-үйді аралау, ұсынымдарды та­ра­ту және халық арасында оқы­­ту жүр­гізуді тоқтата тұр­ға­нын, ал кәсіп­керлік субъек­ті­лері­не қатыс­ты осындай шара­лар қабылдан­ба­ғанын атап өту қа­жет, бірақ дәл осы бақы­лау су­бъек­тілері жабылып, қыз­мет­кер­лерді босатып, өз қыз­­метін төтен­ше жағдай режі­мінде оңтайлан­дырып жатыр.

«Сонымен қатар карантин талаптарының орындалуын бақылаумен тікелей байланыс­ты тексерулер, сондай-ақ халық­тың өмірі мен денсаулығы­на, қор­­шаған ортаға, заңдылық пен қоғамдық тәртіпке жаппай қа­уіп төндіретін бұзушылықтар­дың алдын алуға және жою­ға ба­ғыт­тал­ған тек­серулер толық көлемде жүр­гізі­летінін атап өткім келеді», деді Р.Жүрсінов.