Аймақтар • 25 Наурыз, 2020

СҚО-да коронавирус анықталған адам Омбыдан келген

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасынің өкілі өңірдегі коронавирус жұқтырған адамның жай-күйін айтты.

СҚО-да коронавирус анықталған адам Омбыдан келген

"Хабар 24" арнасында болған брифингте басқарма басшысы Тимур Сұлтанғазиев 1993 жылғы қыз Петропавлға Омбы қаласынан келгенін хабарлады.

"Ол 23 наурызда кешке транзиттік пойызбен келген. Вокзалдан үйіне жеткен, бірақ далаға шықпаған, тек анасымен байланыста болған. Келесі күні, 24 наурызда дене қызуы 37,6 градусқа көтеріліп, жедел медициналық көмекке жүгінді" деді ол.

Ол жедел медициналық жәрдем бригадасы шақыруға толық қорғаныс костюмінде келгенін атап өтті. Кейін қыз провизорлық стационарға жатқызылды.

"Диагноз коронавирус инфекциясының бар екенін анықтады. Қосымша талдаулар Алматы зертханасына жіберілді" деп толықтырды Тимур Сұлтанғазиев.

Қазіргі таңда пациенттің жағдайы қанағаттанарлық.

"Температура жоқ, шағым айтпады. Онымен байланыста болған пойыз жолаушылары да анықталды. Олардың барлығы карантиндік стационарда оқшауланды, зертханалық талдаулар алынды. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық" деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Еске салайық, бүгінде Қазақстанда 79 адам коронавирус жұқтырған.