27 Тамыз, 2013

Азиада: жалғыз алтын жүлде

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 Қытайдың Нанкин қаласында жасөспірімдер арасында өткен ІІ Жазғы Азия ойындары аяқталды. Бұл сында біздің спортшылар 1 алтын, 4 күміс, 8 қола медаль иеленді.

 

Қытайдың Нанкин қаласында жасөспірімдер арасында өткен ІІ Жазғы Азия ойындары аяқталды. Бұл сында біздің спортшылар 1 алтын, 4 күміс, 8 қола медаль иеленді.

Биылғы Азиадада жалғыз алтын жүлдені елімізге стенд атудан жарысқа қатысқан Александр Мұхамадиев сыйға тартты. Одан басқа 17 жасқа дейінгі спортшылар қатысқан Азия ойындарында жеңіл атлеттер Иван Соловьев үш қарғып секіруде, 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Анастасия Сергеева, таэквондодан Фариза Алдоңғарова мен гандболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы күміс медальге ие болды. Қола жүлдені Анатолий Дураченко (дзюдо), Жанар Кашин (дзюдо), Давид Пошивалов (стенд ату), Екатерина Стеляренко (ауыр атлетика), Екатерина Димченко (жүзу), Ерасыл Қайырбек (таэквондо), Әсия Дайыр (теннис), Дмитрий Попко (теннис) алды.

Қазақстан 13 медальмен жалпы есепте 13-орынды иеленді. Ал 2009 жылы Сингапурде өткен І жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында 4 алтын, 6 күміс, 4 қола медаль иеленіп, жалпы есепте 8-орын алған еді.

Келесі ІІІ жасөспірімдер Азиадасы 2017 жылы Шри-Лан­каның Намбантота қаласында өтеді.

Дастан КЕНЖАЛИН,

«Егемен Қазақстан».