27 Тамыз, 2013

«Астанаға» айтар алғыс

262 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Астана«Вуэльта» көпкүндігінің бірінші кезеңі «Астана» велосипедшілерінің жеңісімен ашылды

«Астана» велокомандасы Ис­па­нияда басталған әйгілі «Вуэль­та» көпкүндігінің бірінші кезеңін­дегі жеке командалық жарыста жеңіске жетті. Біздің жерлестеріміз Вильянуэва-де-Ароса-Санхенхо қа­лалары аралығындағы 27 ша­қырымнан тұратын бұл қашық­тықты 29 минут 59 секундта жү­­ріп өтті. Осылайша жарты са­ғат­қа жетпейтін мерзімде көмбеге бірінші болып келген астаналықтар аламанды табысты бастады. Екінші орынға «RadioShack-Leopard», үшінші орынға «Omega Pharma-Quick-Step» командалары жайғасты.

 «Вуэльта» көпкүндігінің бірінші кезеңі «Астана» велосипедшілерінің жеңісімен ашылды

«Астана» велокомандасы Ис­па­нияда басталған әйгілі «Вуэль­та» көпкүндігінің бірінші кезеңін­дегі жеке командалық жарыста жеңіске жетті. Біздің жерлестеріміз Вильянуэва-де-Ароса-Санхенхо қа­лалары аралығындағы 27 ша­қырымнан тұратын бұл қашық­тықты 29 минут 59 секундта жү­­ріп өтті. Осылайша жарты са­ғат­қа жетпейтін мерзімде көмбеге бірінші болып келген астаналықтар аламанды табысты бастады. Екінші орынға «RadioShack-Leopard», үшінші орынға «Omega Pharma-Quick-Step» командалары жайғасты.

Астана

Көпкүндіктің бірінші кезеңін­дегі бұл жеңісті «Астана» команда­сына оның Янес Брайкович (Словения), Винченцо Нибали, Паоло Тиралонго (екеуі де – Ита­лия), Якоб Фульсан (Дания), Ан­дрей Гривко (Украина) және Танел Кангерт (Эстония) сынды велошабандоздары алып берді.

Ал бұрнағы күні екінші кезең мәреге жетті. Ол Понтеведра – Аль­то до Монте да Гроба елді ме­кен­­дерінің арасын жалғады. Ұзындығы 177,7 шақырымға со­­­зылған қа­шық­тықта Люк­сем­бург­тің «Saxo-Tinkoff» коман­да­сын­дағы ирланд жүйрігі Нико­лас Роч топ жарды. Алайда, екі күн­нің қорытындысы бойынша «Ас­тана» командасының мү­ше­­­сі Винценцо Нибали 5:05:22 көр­­­сеткішімен бірінші орынға шықты.

Енді мынадай анықтама бере кетейік. Испания «Вуэльтасы» (ис­панша атауы -Vuelta a España) – әлемдегі «Тур де Франс» және «Джиро д’Италия» көпкүндік турнирлерімен бірге алғашқы үштікті құрайтын, үш аптаға созылатын тас жол бойындағы аса танымал веложарыс. Ол жыл сайын (1995 жылдан бері) күзге салым Испания елінің аумағында сөреден шығады. Оның алғашқы жарысы 1935 жылы тіркелген. Та­ғы екі додасы Еуропаның өз­ге елдерінің территориясында ұйымдастырылды. Ол 1997 жы­лы Португалия, 2009 жылы Ни­дер­ланды мен Бельгия трассаларында керуен түзді. Бұлардың 2006 жылы өткен турнирінде біздің Александр Винокуров қо­рытынды есепте бірінші орынды жеңіп алған болатын.

Ал биыл 24 тамызда 68-ші мәр­те сөреден шыққан аламан үш ел – Испанияның, Францияның және Андорраның жерлерін басып өтеді.

Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.