Бұл туралы аймақ басшысы Амандық Баталовтың төрағалығымен өткен селекторлық отырыста облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов мәлімдеді. Қауіпсіздік шараларының күшейтілуіне орай аймақта адам көп жиналатын орындардың жұмысына шектеу қойылып, қажет қызмет қашықтан көрсетілуде. Яғни, облыстағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары осы режимде жұмыс істеуде. Ал жұқпалы індеттің алдын алу бойынша мектепке дейінгі тәрбие беретін орындар толықтай жабылған.
- Облыс ауруханаларына қажетті 27 жасанды тыныс алу аппараты сатып алынды. Жақын күндері аппараттар емдеу орталықтарына жеткізіледі. Жалпы, сұраныс бойынша аймаққа әлі де 83 жасанды тыныс алу қондырғысы керек. Бұл мәселені шешудің жолдарын қарастырып жатырмыз, - деді облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов.
Алматы облысы