Аталған басқарма басшысы Берік Нығмашев соңғы аптада қырыққабат және картоп бағалары 3 пайызға, қант бағасының 2 пайызға көтерілгенін мәлімдеді.
«Көкөніс бағалары маусымдық сипаттағы сақтау шығындарына сәйкес жылдағы өсу динамикасына сәйкес көтерілуде. Қант бағасына Ресейдегі импорттық өнімнің үлесі мен бағасының қымбаттауы әсер етуде. Бағаларды тежеу үшін тұрақтандыру қорынан қаланың негізгі ірі супермаркеттері мен әлеуметтік дүңгіршектері арқылы тауарлар нарық бағасынан 14-45 пайызға төмен өткерілуде. Бүгінгі күнге қанттың үш айға жеткілікті 2,5 мың тонна қоры бар. Үш ай ішінде Тараз қаласындағы қант зауыты іске қосылады, Бразилиядан оған қажетті қант құрағын жеткізу жұмыстары жүргізілуде» дейді Берік Нығмашев.
Жамбыл облысы