Пандемия басталғалы жүргізіліп жатқан мониторинг нәтижесі науқастардың көбі Нью-Йорктен табылғанын көрсетті. Ол жақта 25 665 адам тіркелген. Нью-Джерси штатында 3675, Калифорнияда 2 494, Вашингтонда 2 221, Мичиганда 1 791, Флоридада 1 412 науқас тіркелген.
Шығыс Вирджиния мемлекеттегі ең қауіпсіз штат ретінде саналып отыр. Ол жақта 20 адам вирус жұқтырған. АҚШ-тың бас хирургі Джером Адамс жақын күндері мемлекетте науқастардың саны күрт өсетінін ескерткен еді. «Америка халқы бұның қауіпті екенін түсінгенін қалаймын. Осы апта біз үшін ауыр болмақ», деді ол NBC News каналына берген сұхбатында. Індеттің тез таралуына халықтың, әсіресе жастардың қауіпті толық түсінбей бір штаттан екінші штатқа саяхаттауында, карантин режимін ұстанбауда дейді.