27 Тамыз, 2013

Үш жігіт газға уланып қайтыс болды

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе қаласына қарасты Қурайлы ауылының маңын­дағы «Ақбұлақ» акционерлік қоғамының пайдаланылмай­тын кәріз құбырынан металл сынықтарын жинау ке­зінде 29 бен 33 жас аралығындағы үш ағайынды жігіт қаза болды.

Олардың қасындағы тағы бір адам медициналық жедел жәрдем ауруханасына жеткізіліп, есін жиды. Бұл туралы облыстық төтен­ше жағдайлар департаменті директорының орынбасары Бауыржан Сыздықов пен де­п­артаменттің жедел құтқару қыз­метінің жетекшісі Асқар Хам­зиннің бұқаралық ақпарат құрал­дары өкілдерімен өткізген бас­пасөз мәслихатында хабарланды. Олардың мәлімдеуінше, Қурайлы ауылы маңында «Ақ­бұлақ» акцио­нерлік қоға­мының жер асты жұ­мысы жүріп жатқан көрінеді. Төрт жігіт диаметрі 900 сантиметр 2-3 метр тереңдікте орналасқан кә­різ құбырларын кесіп, металл жинау үшін жер астына түскен. Сол мезетте олар құбыр ішіндегі қатты қысымды метан газына уланған. Жоғарыда айтқандай, үш жігіт сол жерде қайтыс болады. Бір жігіт қана сыртқа шығып үлгереді.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ақтөбе облысы.