Қоғам • 25 Наурыз, 2020

Халық жиі тұтынатын азық-түлік тапшылығы болмайды

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Үкіметі 9 түрлі тауарды экспорттауға тыйым салды. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев хабарлады.

Халық жиі тұтынатын азық-түлік тапшылығы болмайды

«Сауда орталықтарындағы кезек азайып келеді. Осы ретте халық бірінші кезекте тұтынатын тауарлардың тапшылығы болмайтынын тағы да айтқым келеді» деді ол.

Министрдің айтуынша, бұл мақсатта Үкімет 9 түрлі тауарды экспорттауға тыйым салған. Оларды қазір сауда желілері, өңірлік азық-түлік бағасын тұрақтандыру қоры, көтерме сауда жасаушылар сатып алуда.

Министрдің айтуынша, қазірдің өзінде көптеген өндіруші өз өнімдерін ішкі нарыққа бағыттағаны байқалады.

«Сондықтан осындай күрделі уақытта өз еліне көмектесіп жатқан кәсіпкерлерге алғыс айтамыз» деді Дәурен Абаев.