Қоғам • 25 Наурыз, 2020

Нұр-Сұлтан жəне Алматыда қызметкерлер жұмыстан босатылуда

4122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Атамекен» ұлттық кəсіпкерлер палатасы төтенше жағдай кезінде бизнес өкілдері арасында арнайы сауалдама жүргізді. Оның нəтижесінде жұмыстан босатылған жəне қысқартылған қызметкерлер белгілі болды.

Нұр-Сұлтан жəне Алматыда қызметкерлер жұмыстан босатылуда

Сауалдама наурыздың 23 басталып, бір тәулікте 814 кәсіпкер қатысты. Олардың басым бөлігі карантинге жабылған Нұр-Сұлтан (22%) және Алматы (21%) қалаларының іскер азаматтары. Атап айтқанда, қатысқандардың 23%-ы туризм саласының өкілдері. Сол секілді 18% жеке қызмет көрсету, 13% білім беру жəне орналастыру мен тамақтандыру бойынша қызмет ұсынатын 98 кәсіпорын басшылары сұралған.

т

"814 кәсіпорында ұзын саны 14,2 мың қызметкер еңбек етеді. Сауалнама нәтижесі бойынша қызметкерлердің 40%-ы карантин кезеңіде еңбекасы сақталмайтын мерзімсіз демалысқа кетеді. 14% жұмыстан босатылады. Жұмыстан босату көрсеткіші Алматыда жоғары (562 адам немесе елдегі босатылғандардың 33%-ы).  Екінші орында Нұр-Сұлтан қаласы – 300 адам. Үшінші сатыда 147 адаммен Қарағанды шаһары жайғасқан. Сондай-ақ еңбекақысы сақталмайтын демалысқа шығарудан немесе шығаруды жоспарлап отырғандардың ішінде Алматы (31%), Нұр-Сұлтан (21%), Алматы облысы (9%) алғашқы қатарда" делінген палатаның ресми сайтында.

Əсіресе, туризм сегментінде жұмыстан босатылғандардың қарасы жоғары (356 адам) болады деп болжануда. Жағымсыз динамика орналастыру және тамақтандыру қызметінде 19% (320 адам) көрсетпек. Білім беру саласында 12% (199 адам). Ұлттық палата сарапшыларының пікірінше, жұмыстан босағандардың саны əлі өсе түседі.
Жұмыс орындарын сақтауға байланысты кəсіпкерлер палатасы ұсыныс əзірлеген. Оның толық нұсқасы "Атамекен" ҰКП-ның ресми сайтында жарияланған.