Аймақтар • 26 Наурыз, 2020

Түркістан облысында бірнеше автовокзалдың жұмысы уақытша тоқтатылды

17 реткөрсетілді

Түркістан облысы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауданаралық тұрақты бағыттардағы рейстер саны 50%-ға қысқартылып, бірнеше автовокзалдың жұмысы уақытша тоқтатылды. 

Мысалы, жолаушылар көп шоғырланатын 4 автовокзал  (Ленгір қаласындағы «Тау жұлдызы», Жібек жолы елді мекеніндегі «Дархан», Түркістан қаласындағы «Түркістан орталық», «Яссы») және 9 автобекет (Кентау қаласындағы «Транзит сервис», Арыс қаласындағы «Арыс», Сарыағаш ауданы Жібек жолы елді мекеніндегі «Сайран Жібек жолы», Сарыағаш қаласындағы «Сарыағаш», «Сау Бол», Отырар ауданы Шәуілдір елді мекеніндегі «Нәлібек», Жетісай қаласындағы «Жаз», Түркістан қаласындағы «Мерей», «Алтын орда») жолаушы тасымалын уақытша тоқтатты, яғни бұл бағыттарда қатынаушы тұрғындарға сапарға шықпау ескертілді.  

Сондай-ақ мамандар өңір тұрғындарына барынша сақтық шараларына мұқият болып, гигиеналық талаптарды сақтауға және мүмкіндігінше қоғамдық көлікпен сапарға шықпауға кеңес берді.

Соңғы жаңалықтар

iPhone 12 Pro рендері шықты

Технология • Бүгін, 18:31

Ауылдағы жұрт әлі сенбейді

Қоғам • Бүгін, 13:23

Ұқсас жаңалықтар