Коронавирус • 26 Наурыз, 2020

Мәжіліс отырысына 65 жастан асқан депутаттар қатыспайды

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайға байланысты бүгін жаңа форматта өткен Парламент Мәжілісінің жалпы отырысына жасы 65 жастан асқан депутаттар қатысқан жоқ.

Мәжіліс отырысына 65 жастан асқан депутаттар қатыспайды

Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин бұл шаралар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нұсқауына сәйкес қабылданғанын атап өтті.

– Бүгінгі жалпы отырыс біршама өзгерген форматта өтіп жатыр. Біздің кейбір әріптестеріміз қатысып отырған жоқ. Бірақ бұған алаңдаудың реті жоқ, олардың барлығы аман-есен. Қазіргі ахуалға байланысты жасы 65-тен асқан депутаттарға алқалы жиынға қатыспау туралы кеңес бердік. Жиналған депутаттардың саны жалпы отырысты осындай форматта өткізуге мүмкіндік береді. Енді жалпы отырыстарға әрбір заң жобасы бойынша тек депутаттар мен негізгі баяндамашылар қатысады, – деді Нұрлан Нығматулин.

Мәжілістің жалпы отырысына 81 депутат қатысты. Олар залда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының санитарлық нормаларына сай араларын алшақ ұстап отырды.