Аймақтар • 26 Наурыз, 2020

Көкшетаулықтар азық-түлік пен киім-кешекке онлайн тапсырыс бере алады

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаратқан иенің «сақтансаң, сақтаймын» дейтін сөзін замандастарымыз енді есіне түсіргендей. Дерт қайдан дерің бар ма? Қобалжып отырған көкшетаулықтар үшін қолайлы сайт ашылды.

Көкшетаулықтар азық-түлік пен киім-кешекке онлайн тапсырыс бере алады

Дақпырты төрткүл дүниені теңселтіп тұрған дауасыз дерттің өзінен бұрын өрттей қаулаған қауесеті жеткен. Әлеуметтік желілерде адамның апшысын қуыратын, рас-өтірігі белгісіз алыпқашты хабарлар қаулап тұр. Сақтанған адамның іс-әрекетін, әрине, теріс дей алмасақ керек. Осындай уақытта интернет ресурстары арқылы облыс орталығының тұрғындары азық-түлік пен киім-кешекке, тұрмысқа аса қажетті шаруашылық заттарына онлайн тапсырыс беру мүмкіндігіне ие болып отыр. Осы сайтта тауарлардың тізімі мен бағасы да тайға таңба басқандай анық көрсетілген. Такси қызметінің де байланыс телефоны жазылыпты.

Бұл сайттан коронавирус жұқпасына қарсы жүргізіліп жатқан саналуан шаруалармен қоса, қалай сақтану қажеттігі туралы кеңес те бар.   

 

КӨКШЕТАУ