27 Тамыз, 2013

Хроника

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының Жарлығымен Бірғаным Сарықызы Әйтімова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметінен және Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

* * *

Мемлекет басшысының Өкімдерімен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты:

Асқар Асанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы қызметінен;

Сергей Николаевич Громов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен;

Дулат Рашитұлы Қосдәулетов Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі қызметінен босатылды.