Коронавирус • 26 Наурыз, 2020

Коронавирус жұқтырған жұлдыздар не дейді

253 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Соңғы мәліметке қарағанда Covid-19 дерті әлемнің 196 еліне тарап үлгеріпті. Шамамен 410 мың адам зардап шегуде көрінеді. Бір таңданарлық жағдай – бұл вирус адам таңдамайды. Тіпті әлем жұртты жақсы танитын, атағынан ат үркетін, денсаулығында иненің көзіндей кінарат жоқ жұлдыздардың өзі, нақтырақ айтқанда, белді баткетболшы, атақты аяқдопшылар дерт жұқтырып, емделіп жатыр.

Коронавирус  жұқтырған жұлдыздар не дейді

АҚШ ұлттық баскетбол федерациясының «Юта Жазз» командасының ойыншысы Руди Гобер: «Алғашында денемнен дерт белгісі табылды дегенді естіп, қатты састым. Құдай оңдағанда тексерген дәрігер өз ісінің шебері екен. Оның сөзі керемет сабыр сыйлады. Бір қызығы, температурам қалыпты, сөйте тұра ішкен-жеген тағамның дәмін сезбеймін. Десе де дерттен айығам деген үмітім зор», - депті.

Бұл азамат туған отаны Францияға барып, сол елден вирус жұқтырып келген екен. Кеше онлайн эфирге шығып, көзге көрінбейтін, иісі сезілмейтін Covid-19 дерті ойнауға болмайтын дүние екенін айтып, адамзатты қорғануға шақырды.

 

Баскетболдан АҚШ ұлттық құрамасының мүшесі, “Юта Жазз” командасының қорғаушысы Донован Митчелл айтады: «Маған командалас серігім Руди Гоберден жұққан сияқты. Дәрігерлердің пайымы солай. Алғашында тынысым тарылып, өте қиын болды. Оған Гоберге деген ашу-ыза қосылды. Қазір біршама жақсарып қалдым. Бәрі қалпына келе жатыр. Жүйелі ем-дом қабылдаудамын. Құдай қаласа6 жазыламын».

Баскетболдан АҚШ ұлттық лигасы "Бруклин" құрамасының шабуылшысы Кевин Дюрант айтады: «Өте сақ болу керек екен. Байқаусызда тап болдым. Негізі, бұл дерті ауыздықтаудың жолы – карантин. Бұйырса, бұны да жеңерміз. Қазір денсаулығым жақсарып қалды».

Италияның "Ювентус" футбол клубының шабуылшысы Пауло Дибала айтады: «Менде температура жоғарылау сияқты дерт белгісі болған жоқ. Бірақ, өкінішті жағдай, менен вирус белгісі анықталды. Бұған бола күйіп-пісетін емес. Тағдыр салды - құл көнді. Өз жанкүйерлеріме айтарым: қазір денсаулығым жақсы».

"Ювентус" футбол командасының шабуылшысы Даниел Ругани айтады: «Алғаш дерттің белгісі денемнен табылғанда шок болдым. Ешқашан бұлай болар деп ойламаған едім. Менің кесірімнен басқалардың ауру жұқтыруын қаламаймын. Бұл аурудан сауығам, оған сенем. Бірақ елдің сөзі қиын болып тұр».

Футболдан “Эльче” командасының шабуылшысы (бұрын ресейлік “Рубин”-да ойнаған Жонатас айтады: «Ыстығым шектен тыс көтерілді. Мен қатты тұмау тиген шығар деп ойладым. Басым қатты ауырды. Ертеңінде дәрігерге қаралып, анализ тапсырдым. Жауабы белгілі... Ауырардан 3 күн бұрын дайындыққа көңілім соқпай, біртүрлі әлсіздік пайда болды. Дерт белгісі анықталғаннан бастап алғашқы үш күн қатты қиналдым. Жуыну үшін ваннаға бара жатыпестен танып, құлап қалдым. Бұл вирус ойыншық емес. Бір аптадан кейін жағдайым жақсарды. Менің денсаулығым жақсы, мықты спортшымын. Соның өзінде мынадай болғанда, дене қуаты әлсіз қарт адамдарға қиын болары хақ».