Өнер • 26 Наурыз, 2020

Әйгілі «Ла Скала» театрының қойылымдарын енді онлайн тамашалауға болады  

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италияның аты аңызға айналған «Ла Скала» театры мен RaiPlay online-платформасының кәсіби серіктестігінің нәтижесі театрсүйер талғампаз қауым үшін үлкен өнер олжасына айналмақ.

Әйгілі «Ла Скала» театрының қойылымдарын енді онлайн тамашалауға болады  

Алдағы бірнеше апта көлемінде әйгілі театрдың 2008-2019 жылдар аралығында жазылып алынған 30 үздік қойылымы онлайн режимде көрермен назарына ұсынылатын болады.

23 наурыздан басталған онлайн көрсетілім 21 сәуірге дейін жалғасады. RaiPlay платформасы  6 сәуірге дейін астана уақыты бойынша сағат 15.00-де, одан ары қарай сағат таңғы 02.15-те «Ла Скала» театрының ресми сайтында http://www.teatroallascala.org/it/calendario-trasmissioni-rai.html көрсетілген мына спектакльдерді төмендегі тізім бойынша онлайн тамашалауға мүмкіндік береді.

– Рас, әлемде белең алған мына қиын жағдай күллі адамзат, оның ішінде отанымыз – Италия үшін оңай тиіп отырған жоқ. Бірақ, сонда да еңсемізді түсірмей, алдағы жақсы күндерімізге зор сенім арта отырып, «Ла Скала» театрының қойылымдарын сүйіп тамашалайтын көрермендеріміздің назарына соңғы жылдарда таспаға жазылып алынған бірнеше үздік спектаклімізді ұсынсақ дейміз. Көп ұзамай әлем халқы басқа түскен бұл сынақты сөзсіз жеңіп шығып, бұрынғыдай театрымыздың төрінде қайта қауышамыз деп сенеміз. Сол күнге асығамыз, – деп театрдың ресми сайтында «Ла Скала» театрының директоры  Доминика Мейера өз пікірін қалдырып, барша көрерменге амандық пен жақсы көңіл-күй, қызықты көрсетілім тіледі. 

Ендеше, сіздер де өнердің мұндай тамаша тартуынан қапы қалмаңыздар!  

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше