2020 жылғы 28 наурызда сағат 00.00 бастап:
- Азық-түлік, дәрі-дәрмектер сатып алу мен жұмысқа шығуды қоспағанда, азаматтардың тұрғын үйден шығуы шектелсін;
- Халықтың жаппай жиналатын орындары (саябақтар, шағын бақтар, жаяу жүретін көшелер, жағалаулар, ойын алаңдары және т.б.) жабылсын;
- Қоғамдық көліктің жұмысы кезең-кезеңмен шектелсін;
- Көшелерде және өзге де қоғамдық жерлерде үш адамнан артық топтармен (отбасы мүшелерін қоспағанда) жиналуға тыйым салынсын;
- Кәмелетке толмағандарды ересек адамдардың еріп жүруінсіз қозғалуына тыйым салынсын.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті:
- жоғарыда көрсетілген талаптарды бұзу не орындамауды анықтаған жағдайда тиісті әкімшілік шараларды дереу қабылдасын;
- азаматтардың қоғамдық орындарда, саябақтарда, шағын бақтарда және т.с.с. болуына жол бермеу мақсатында енгізілген шектеулерді сақтау бойынша патрульдеу ұйымдастырылсын;
- карантин аймағын толық қоршауды, қалаға кіру мүмкіндігін болдырмауды қамтамасыз етсін.
- «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі астана тұрғындары арасында жұқтыру ошақтарын оқшаулауды және оның таралу қауіптерін мейлінше азайтуды қамтамасыз етуге арналған шектеу және әлеуметтік оқшаулау бойынша қабылданатын шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық сүйемелдеуді, адам мен азаматтың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шешімдердің маңыздылығын ашып көрсетуді жүргізсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы шешім оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.