- Мына вирус бізге барлық пенде баласы бірдей дегенді ескертуде. Яғни, бізді бір-бірімізден ерекшелендіріп тұратын: дін, мәдениет, кәсіп, қаржылық деңгей, атақ-абырой, т.б. дүниелер вирустың алдында дәрменсіз, бәріміздің бірдей екенімізді білдік.
- COVID-19 адам баласы бір-біріне байланысты екенін ескертті. Бірдің әлегі мыңға татитынын білдік. Ала бағана орнатып, темір тормен қоршап қойған құдіретті шекарамыз дерттен қорғамайтыны анық болды. Вирусқа төлқұжаттың қажеті жоқ екен. Дерт біздің әлсіз екенімізді дәлелдеп, тәубамызға түсірді.
- Денсаулықтың құны қымбат екенін ескертті. Ас-ауқатымызға сапасыз әрі химиялық зат қосылған тамақ пен суды пайдаланып, дене қуатымызды әлсіретіп, вирус алдында дәрменсіздік таныттық. Сөйтіп, денсаулыққа мән бермегеніміз әшкереленді.
- Өмірдің қысқа, өлімнің бар екенін еске салды. Адам үшін ең басты қажеттілік бір-бірін, әсіресе, қарт адамдарды сыйлау, ауру-сырқау жандарға көмектесу болып табылады. Пенденің өмірі тек дәретхана қағазын сатып алудан тұрмайтынын білдік.
- Біздің санамыздағы дүниеқұмарлықтың деңгейі нақтыланды. Қиын жағдайға тап болғанда алтынды әлем-жәлем дүние-мүлік құтқара алмайтынын түсіндік. Тек қарапайым тазалық пен табиғи тамақ, шын дәрі қажет дегенді түсіндік.
- Отбасылық өмірдің құнын білдік. Вирус бізді үйге қамап, алшақтап кеткен отбасылық қатынасты жақындастыруда.
- Сабырлық пен үрейдің аражігін ажыратты. Біреулер бұл өткен ғасырларда қайталанған тағдыр сынағы екенін ұғынса, екінші біреулер үрейге бой алдырып, өзінің де, басқаның да берекесін кетіруде. Сондықтан сізге дұрыс таңдау жасайтын мүмкіндік сыйлады.
- Бір вирус күллі әлемді ауырта алатынын аңғардық. Әлем ауырса, бәріміз аман болмағымыз қиын екенін білдік.
- Қандай бір қиындықтан соң жақсылық келерін ұмытпаңыздар! Өмір ағаштың бұтағы сияқты. Уақыты келгенде көктейді. Бүгінгі болып жатқан оқиға сол ұзын бұтақтың бір бунағы ғана. Үркіп-қорқудың қажеті жоқ. Бұл да өтеді.
- Көп адамдар COVID-19 вирусына «тажал» ретінде баға беруде, мүмкін бұл «тура жолға» бастаушы шығар. Біздің шектен шыққан әрекетімізді тізгіндеуге келген болар. Кім қалай түсінеді, өз еркі.
Дайындаған Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ