Коронавирус • 27 Наурыз, 2020

Атырау облысында коронавирус жұқтырған 3 адам тіркелді

665 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде вирус жұқтырғандар саны 124-ке жетті. Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.

Атырау облысында коронавирус жұқтырған 3 адам тіркелді

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 60 адам, Алматы қаласында – 48 адам, Қарағанды қаласында - 4, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Ақмола облысында - 1 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Атырау облысында - 3 адам, жалпы 124 науқас тіркелді.

Еске сала кетейік, Қазақстанда 2 адам коронавирустан айықты, бір өлім оқиғасы тіркелді.