27 Тамыз, 2013

Венесуэла президенті Николас Мадуро АҚШ-қа айып тақты

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Николас Мадуро-3

Венесуэланың басшысы Николас Мадуро АҚШ-ты әлемдегі соғыс өртін тұтандырушы ел ретінде кінәлады. Бұл Украинаның «Корреспондент.net» сайты хабарлады.

Николас Мадуро Ақ үйдің Сириядағы жағдайға араласуына қарсы екенін де білдірді. Николас Мадуроның пікірінше, АҚШ билігі араб әлемі мен Сирияға қысым көрсетіп отыр.

Венесуэла президенті араб елдеріндегі түйткілдерді шешуде Оңтүстік Америка ұлттар одағы мен Біріккен Ұлттар Ұйымына үміт артатынын да жеткізген. Сондай-ақ, ол Сирияның сыртқы күштердің қысымына лайықты қарсылық таныта алатынына сенім білдірген.

Жолдыбай Базаров.