Аймақтар • 27 Наурыз, 2020

От қарумен ойнауға болмайды

493 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Барлық қызметтік және азаматтардың отты қаруын ұстауын бақылау полиция қызметінің құзыретінде. Егер қаруды ұстау, тасымалдау, сақтау және сату жұмыстарында белгіленген тәртіп бұзылатын болса иесіне ескерту жасалады, ал егер бұл жағдай қайталанатын болса қару тәркіленуі де мүмкін.

От қарумен ойнауға болмайды

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан полициясының осы қызметті атқаратын бөлінісі 260 бұзушылық тапты. Қару-жарақ иесіне кеңес беру ісі бойынша мемлекеттік қызмет  «Е-лицензирование» деректер базасы арқылы беріледі. Бүгінгі таңда 1279 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Бірақ қару сақтаудағы бұзушылықтар да азаяр емес. Петропавл қаласының 60 жастағы бір тұрғынында 3 түрлі қару болған. Қаруды сақтау жөніндегі тәртіпке сәйкес мылтық сақталған орында электрлік және автономды нәр алатын екі дабыл болуы керек. Бұл азаматта электрлі дабыл іске қосылмаған. Сол үшін хаттама толтырылып, үш қаруы да тәркіленген. Бірақ айыппұлын төлеп, сақтау орнын қалыпқа келтірсе қарулары қайтарылады. Тексеріс  барысында белгілі болған осындай мысалдарды көптеп келтіруге болады. «Жыл басынан бергі тексерістер барысында белгілі болған 260 бұзушылықтың 177 қаруды сатып алу, сақтау және тасымалдау істерінде анықталды. Ал 69 бұзушылық азаматтық және қызметтік қаруды тіркеуде жіберілген тәртіп бұзушылықтар, ал 14 жағдайда қаруды заңсыз сатып алушылық пен сатуларға жол берілгендік болды,» - дейді облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, подполковник Жасұлан Оспанов.

ПЕТРОПАВЛ

Соңғы жаңалықтар

Көлікпен дәулет құраған

Қоғам • Бүгін, 10:40

Әлжанның алтын медалі

Таным • Бүгін, 10:20

Ақылды келіншек

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 10:00