Коронавирустан адам қайтыс болуына байланысты туындаған сұрақтарға министр жауап берді.
«Бас санитардың ресми қаулысында қатаң сақталуы керек ережелер көрсетіледі. Дәрігерлер айтқан санитарлық талаптарды қатаң сақтау қажеттілігі туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Православие шіркеуі тиісті пәтуа мен ескертулер әзірледі», деді министр.
Сондай-ақ министр жұмыс бабымен қалада жүретін журналистердің жұмыс орнынан анықтамасы болуы тиіс екенін атап өтті.
«Арнайылап БАҚ редакцияларына айтамыз. Қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге жіберу қажет. Қалада жұмыс бабымен жүру үшін журналистер өзімен бірге қызметтік куәлігі және редакция тапсырмасы туралы анықтама болуы қажет. Анықтаманы телефоннан да көрсетуге болады. Дәрігерге көрінуі керек азаматтар ауруханаға бара алады. Бұл дәлелді себеп болып саналады», деді Дәурен Абаев.
Айта кету керек, бүгін Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2020 жылғы 22 наурыздағы №26 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.