Азаматтардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету мақсатында істерді қашықтықтан қарау режимі қолға алынып, республика соттарында ұялы бейнебайланыстың 152 сервері іске қосылған. 18-19 наурызда қосымша 85 сервер орнатылды. Биыл 16-20 наурыз аралығында бейнебайланыс арқылы 3 мыңнан астам сот отырысы өтті. Соның ішінде 1846-сы – ұялы, ал 1301-і – стационарлық режимдегі бейнебайланыс арқылы қосылды.
Сонымен қатар «Сот кабинеті» қызметі 90-нан аса құжат түрін электронды түрде жолдауға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда соттарға 190 мыңнан аса электронды өтініш жолданған.
Судьялар мен сот қызметкерлерінің 70%-ы қашықтан жұмыс істеу тәртібіне көшті.