Қоғам • 27 Наурыз, 2020

Төтенше жағдайда той тойлайтындарға тосқауыл қойылуы керек

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы дүйім жұртты дүрліктірген COVID-19 вирусына байланысты елімізде төтенше жағдай жариялады. Карантин енгізіп, «Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ, отбасылық, салт-дәстүр іс-шараларын өткізуге тыйым салынсын» деген Қаулы шығарды. Алайда кейбір тойшыл қауым осы кезеңдерде тойды қалай өткіземіз деп «бас ауыртып» жүрмеген секілді.

Төтенше жағдайда той тойлайтындарға тосқауыл қойылуы керек

Рас-өтірігін кім білсін, әйтеуір, әлеуметтік желілерде тараған фото-видеоларға қарап отырсақ, кейбіреулердің Марат Омаровтың «Коронавирус, кет, кет, кет...» деген әнін шырқап қойып, қаннен-қаперсіз думандатып жүргендерін көріп жүрміз.

Демек, әлеуметтік желілерге жүктелген фото-видеолар елімізде төтенше жағдай режимін бұзып, той өткізіп жүргендердің жоқ емес екенін айғақтайтындай.

Ендеше, құзырлы органдар қауіпсіздік шараларына қырын қарап, той-думан өткізіп жүргендерді жазалағандары дұрыс.