Аймақтар • 28 Наурыз, 2020

Алматы қаласында карантин режимін күшейту бойынша қосымша шаралар енгізу туралы

672 рет
көрсетілді
17 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында берілген тапсырмаларды іске асыру мақсатында, Алматы қаласы азаматтарының өмірі мен денсаулығын қорғау және коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу үшін:

Алматы қаласында карантин режимін күшейту бойынша қосымша шаралар енгізу туралы
  1. Алматы қаласының аумағында 2020 жылғы 28 наурызда сағат 00:00-ден 6 сәуірде сағат 00:00 минутқа дейін келесі шектеу шаралары енгізілсін: 

 1) қала бойынша адамдар мен көліктің қажетсіз жүріп-тұруын шектеу;

Келесі жағдайларды қоспағанда, қала бойынша қозғалысты шектеу:

- Рұқсат етілген салалар тізіміне енгізілген ұйымдар үшін жұмыс орнынан анықтама немесе қызметтік куәлігі болған жағдайда тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай жүріп-тұру;

Ескерту: жұмыс орнынан анықтамада ұйымның атауы, БСН, қызмет түрі, тексеру жүргізу үшін жұмыс берушінің (ұйым басшысының) немесе кадр бөлімі қызметкерінің аты-жөні және байланыс деректерін, тұрғылықты жерін көрсете отырып, қызметкердің аты-жөні қамтылуы тиіс.

 - тіркеу, соның ішінде уақытша тіркеу жөніндегі мәліметтерге сәйкес дүкенде азық-түлік тауарларын тұратын жеріне жақын жерде қадамдық қолжетімділікпен сатып алу;

- тіркеу, соның ішінде уақытша тіркеу жөніндегі мәліметтерге сәйкес дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды тұратын жеріне жақын жердегі дәріханаларда қадымдық қолжетімділікпен сатып алу;

 - шұғыл жағдай бойынша медициналық мекемеге бару;

- тіркеу, соның ішінде уақытша тіркеу жөніндегі мәліметтерге сәйкес жақын жерде 500 метрден аспайтын радиуста үй жануарларын серуендету;

- төтенше жағдайлар және адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін басқа да жағдайлар болған жағдайда үйден шығу;

- жерлеу қызметінің қызметкерлері мен көлігі, сондай-ақ 5 бірліктен артық емес автокөлікпен еріп жүретін 10 адамнан артық емес процессия;

Ескерту: тұрғылықты жерінен қашықтықты бақылау онлайн карта сервистері арқылы жүзеге асырылады (2gis, Yandex карталар, Google maps).

- туысқандарына, таныстарына, көршілеріне, әріптестеріне және т.б. баруға жол берілмейді;

- бір отбасынан басқа, қоғамдық орындарда үш адамнан артық топтармен жиналуға жол берілмейді;

- тәуекел тобына кіретін және денсаулығымен Жалпы проблемалары бар, сондай-ақ созылмалы аурулары бар 55 жастан асқан адамдардың, және 65 жастан асқан барлық тұлғалардың жұмысқа шығуы барынша шектелсін, оларды үйде оқшаулау режимі қамтамасыз етілсін (қажет болған жағдайда Алматы қаласының Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының және волонтерлік ұйымдардың күшімен арнайы күтім көзделсін);

- қала бойынша кәмелетке толмаған адамдардың ересектерінсіз қозғалуына жол берілмейді;

- халықтың жаппай жиналатын орындарына, соның ішінде жаяу серуендеуге арналған жиі баратын орындарға (көшелерге), саябақтарға, скверлерге, жағалауларға, алаңдарға, балалар мен спорт алаңдарына және басқа да демалыс орындарына баруға жол берілмейді;

- діни ғимараттарда (құрылыстарда) Құдайға құлшылық етуді, діни жораларды, халық көп жиналатын рәсімдер мен жиналыстар өткізуге (жасауға) жол берілмейді.

2) қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті жұмыстарды қоспағанда, барлық ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмысын уақытша тоқтата тұру:

Рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізіміне енгізілмеген салалардың барлық ұйымдары мен кәсіпорындары 2020 жылғы 30 наурыздан 5 сәуірге дейін әдеттегі жұмыс режимін тоқтата тұруы тиіс.

Уақытша жабылуға жатпайтын ұйымдар мен кәсіпорындар үшін рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі:

- денсаулық сақтау жүйесі, соның ішінде:

ауруханалар;

зертханалық қызметтер;

 дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды сертификаттау;

үйде медициналық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын мекемелер;

мал дәрігерлік және мал шаруашылық жедел жәрдем қызметі.

- қалалық инфрақұрылым және коммуналдық қызметтер, соның ішінде:

 электрмен жабдықтау, жарықтандыру;

сумен жабдықтау және су бұру;

газбен жабдықтау;

жылумен жабдықтау;

1-ЖЭО, 2-ЖЭО және батыс жылу кешенінің көздері;

ірі және шағын қазандықтар;

өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері;

тұрғын үй қорын және коммуналдық объектілерді басқару саласындағы басқару органдарының қызметтері (басшылар, сантехниктер, электриктер, инженерлер, аула тазалаушылар, КПТҮ, оның ішінде қауіпті техникалық құрылғыларға қызмет көрсету жөніндегі авариялық-техникалық қызметтер);

 көшелер мен үй-жайларды жинау; қоқыстар мен қалдықтарды жинау, өңдеу және кәдеге жарату; дезинфекция;

жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйымдар; телекоммуникация (инженерлік қызмет қызметкерлері үшін (ұялы байланыстың базалық станцияларын орнату және салу, жөндеу бригадаларын, коммуникация желілерін басқару және техникалық қолдау орталығы карантин кезеңінде барлық жабық объектілерге, оның ішінде базалық станциялар және (немесе) байланыс операторларының жабдықтары орналасқан сауда объектілеріне кіруін қамтамасыз етсін);

 тек ресми тіркелген такси қызметін қоса алғанда, көлік қызметтері (көлік тиісті белгілермен жабдықталуы тиіс);

 әуежайлар;

 темір жол станциялары мен кәсіпорындары (локомотив бригадаларының мүшелері, сондай-ақ темір жол тасымалдау процестеріне қатысатын тұлғалар мен кәсіпорындар);

пошталық, курьерлік және жүк тасымалы; әлеуметтік қамсыздандыру.

 - өңдеу өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы:

бірінші қажеттілік тауарларын және осы тауарлар үшін орау материалдарын өндіруді қоса алғанда, тамақ өнеркәсібі;

ауыл және жылыжай шаруашылығы;

буып-түю материалдарын өндіруді қоса алғанда, дәрілік препараттарды өндіру;

медициналық жабдықтар мен құралдар, санитарлық гигиена өнімдері;

қағаз бұйымдары;

жеңіл өнеркәсіп (тек жеке қорғану құралдарын өндіру бойынша).

 - бөлшек сауда, тамақ және құрылыс қызметтері:

азық-түлік дүкендер;

 дәріханалар;

ЖЖМС;

мейрамханалар, барлар, кафелер, асханалар тек рұқсат етілген сектор шеңберінде өз бетінше шығару немесе жеткізу үшін – сағат 09:00- ден 22:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;

Алматы қаласының аумағында объектілерді салу.

Ескерту: енгізілген карантин жағдайында санитарлықэпидемиологиялық талаптарды сақтау шартымен күрделі құрылыстардағы азық-түлік базарларының жұмысы рұқсат етілген.

- басқа қызметтер: халыққа азық-түлік, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдарды, сондай-ақ бірінші кезекте қажетті тауарларды жеткізу сервистері-сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;

өндірістерге, тамақ өнімдеріне, дәрілік препараттарға және медициналық бұйымдарға арналған шикізатты қоймалау және дистрибуциялау;

адвокаттар мен сот-медициналық сарапшылар; қонақ үйлер, хостелдер (қызметкерлерді казармалық режимге және карантинделген науқастарды орналастыру үшін ғана);

жатақханалар (қызметкерлерді казармалық режимге және карантинделген науқастарды орналастыру үшін ғана);

қарттар үйі;

балаларға арналған баспаналар, сондай-ақ карантиндегі білім беру ұйымдары;

үйсіздерге арналған баспаналар;

жануарларға арналған баспаналар;

салттық қызмет көрсету агенттіктері, крематориялар мен зираттар;

басылымның бас редакторы қол қойған қызметтік куәліктің және редакциялық тапсырманың түпнұсқасы болған жағдайда БАҚ өкілдері;

қайырымдылық және волонтерлік ұйымдардың;

лицензияланған күзет қызметтері;

- Алматы қаласы ПД, Алматы қаласы ТЖД, Алматы қаласы прокуратурасы,

 Алматы қаласы бойынша ҰҚКД, Алматы қаласы бойынша ҚР ҰҚК ШҚ (жағдай туындаған кезде Алматы облысында орналасқан бөлімшелері), ҚР МҚҚ, Алматы қаласы бойынша ҰҚКД, Алматы қаласы ЭТД, ҚР Ұлттық Ұлан және ҚР ҚМ қызметкерлері, Алматы қаласы ӘД, Алматы қаласының соттары, Алматы қаласы ҚД және Алматы қаласының жергілікті әскери басқару органдарының қызметкерлері, Алматы қаласы бойынша Сот сараптамасы институтының қызметкерлері;

- мемлекеттік басқару органдары.

Ескерту: егер мекеменің (ұйымның) қызмет саласы жоғарыда аталмаса, бірақ осы мекеменің (ұйымның) басшысы мекеменің (ұйымның) қызметі қала тұрғындары мен тіршілікті қамтамасыз ету үшін маңызды деп есептесе, Алматы қаласының Дедел штабына негізделген жазбаша сұрау салу ұсынуы қажет.

 

3) қоғамдық көліктің жұмыс кестесін өзгерту;

 Қоғамдық көлік шектеулі режим шеңберінде сағат 06:00-ден 19:00-ге дейін қозғалыстағы жылжымалы құрамның санын 50%-ға азайту және қозғалыс интервалын ұлғайту арқылы қызмет ететін болады.

Ресми такси қызметтерінің жеңіл көлігіндегі (тиісті белгілермен жабдықталған) адам саны 2-ден аспауы тиіс, жолаушылар бір-бірінен және жүргізушіден барынша алыс қашықтықта шахмат тәртібімен орналасуы тиіс.

 

4) Алматы қаласына кіріп-шығу режимін өзгерту;

Күшейтілген карантин режимі «Алматы қаласының өткізу жүйесінің жадынамасына» сәйкес қызметтердің блок-бекеттер арқылы өтуіне рұқсат етілген қызметкерлердің қалаға кіріп-шығуын жоюды көздейді.

 ЖШАДБ-дағы қызметкерлер туралы деректер болған кезде мынадай жағдайлар:

– телекоммуникациялар: қала шегінен тыс базалық станцияларға қызмет көрсету үшін коммуникация желілерін басқару және техникалық қолдау қызметкерлері;

– бірінші басшы қол қойған қызметтік тапсырма негізінде Алматы қаласынан тыс жерде міндеттерін орындайтын ҚР Ұлттық ұланының әскери қызметшілері;

– жүк көлігі;

– коммуналдық қызметтердің, энергия кешенінің және өзге де арнайы қызметтердің арнайы техникасы;

– Алматы қаласы Жедел штабының Арнайы деректер базасына (бұдан әрі – ЖШАДБ) енгізілген басқа қызметтердің қызметкерлері үшін айрықша жағдай белгіленеді. Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қала сыртында тұратын маңызды қызметтердің қызметкерлерін қалада казармалық режимде арнайы бөлінген орындарда орналастыру ұйымдастырылады. Қызметкерлерге казармалық режимде орналасу туралы ақпаратты олардың басшылары (жұмыс берушілер) жеткізуі тиіс. Казармалық режимде орналастырылған қызметкерлер үшін барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақтала отырып, оларды орналастыру орнынан жұмыс орнына дейін және кері қарай тасымалдау бағыттары әзірленетін болады.

 

5) қаланы ауқымды ағымдағы дезинфекциялауды жүзеге асыру;

 Ағымдағы дезинфекция келесі аумақтарды:

– карантин қойылған емдеу мекемелерін – сейсенбі және сенбі күндері аптасына 2 рет;

– азық-түлік базарларын – сейсенбі және сенбі күндері аптасына 2 рет;

 6 – тротуарлар, жолдар және оларға іргелес аялдама кешендері, жол қиылыстары, сауда алаңдарының сыртқы элементтері мен учаскелерін (азық-түлік дүкендері) – кестеге сәйкес;

– тұрғын үй кварталдарының кіреберістері мен аула аумақтарын – кестеге сәйкес және Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасының басшылығымен өңдеуді/өңдеу жиілігін қамтамасыз етуді көздейді.

 Әрбір аудан бойынша аумақты өңдеудің жалпы кестесін Алматы қаласы аудандарының әкімдері және олардың аппараттары және дезинфекциялық өңдеуге тартылған басқа да ұйымдар ұсынады. Ағымдағы дезинфекцияны Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің арнайы Дезинфекциялау жасақтары жүргізеді, процедура барлық тартылған қызметтер – Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, Қоғамдық денсаулық басқармасы және Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасымен келісілген.

Дезинфекция жүргізу кезінде денсаулыққа зиян келтірмеу үшін өңдеуден кейін 5 сағат ішінде көшеге шықпау ұсынылады.

Алматы қаласы аудандарының әкімдері мен олардың аппараттары және Алматы қаласы Жедел штабының «Коммуникация және ақпарат» бағыты бойынша жұмыс тобы халықпен (БАҚ, әлеуметтік медиа, баннерлер, кіреберістердегі парақшалар) уақтылы байланыс жасап отырады.

 

  1. Алматы қаласы Полиция департаменті:

1) жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе орындалмауы анықталған жағдайда өз құзыреті және ҚР қолданыстағы заңнамасы шеңберінде дереу шаралар қабылдасын;

2) азаматтардың қоғамдық орындарда, саябақтарда, скверлерде және т.б. жерлерде болуына жол бермеу мақсатында енгізілген шектеулердің сақталуы үшін патрульдеуді ұйымдастырсын;

3) қалаға жаяу кіру мүмкіндігінің жолын кесе отырып, карантиндік аймақтың толық қоршалуын қамтамасыз етсін;

4) неғұрлым қатаң санкцияларға өтсін, сондай-ақ алдын алу мақсатында осы фактілерді БАҚ-та кеңінен жарияласын;

5) қоғамдық кеңістіктерді патрульдеу, оларды жарықтандыру және бейнебақылаумен жабдықтау шараларын күшейтсін;

6) қажет болған жағдайда басқа бағыттардың күшін қайта бөле отырып, полицияның барлық құрамын жұмылдырсын;

7) заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету, төтенше жағдай кезінде сот төрелігін іске асыру жөніндегі алгоритмді әзірлесін;

8) қауесеттер мен арандатушылық ақпараттың жолын кесу жөніндегі жұмысты ерекше бақылауға алсын. Мұндай мәліметтерді таратудың кез 7 келген әрекетінің қатаң түрде жолы кесілуі, авторлары анықталып, жазалануы тиіс;

9) қалада жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етсін.

 

  1. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы:

1) созылмалы аурулары бар науқастардың үйде медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыра отырып, бастапқы медициналықсанитариялық көмек көрсететін ұйымдарға баруын шектесін. Осы ұйымдардың жұмысын тек ауыр сырқаты бар науқастар үшін қамтамасыз етсін;

2) пандемия дамуының әртүрлі сценарийлеріне, оның ішінде қала әкіміне баяндау үшін ең пессимистік сценарийлерге байланысты дәрілік заттармен қамтамасыз етілуін зерделесін.

 

  1. Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы Энергетика және инфрақұрылымдық даму басқармасымен және Қалалық жұмылдыру басқармасымен бірлесіп шұғыл түрде:

1) шаруашылық жүргізуші субъектілердің, сауда объектілерінің, коммуналдық қызметтердің және өзге де ұйымдардың басшыларымен карантин аймағына кіруге және шығуға шектеулерді күшейту туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізсін. Карантиндік аймақтан тыс жерлерде тұратын қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін алдын ала пысықтасын;

2) кезек бойынша жүйелі жұмысты ұйымдастырсын және азық-түлік бөлімдеріне кіру алдында кезекте қашықтықты сақтау туралы ақпараттық таблоны орнатсын;

3) қаланың дүкендерінде, супермаркеттерінде және сауда үйлерінде барлық кассалардың алдында 2 метрден кейін қозғалыс жолақтары мен қашықтық сызықтары – «Жол таңбасын» орналастыруды қамтамасыз етсін;

4) жолаушыларға медициналық маскасыз қоғамдық көлікке кіруді шектесін.

 

  1. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасымен бірлесе отырып, халықты қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы хабардар ету мақсатында, теле-радио арналары мен кәбілдік теледидар, сондай-ақ дауыс зорайтқыштар арқылы дауыстық хабарлау арқылы қалалық хабарлау жүйесін іске қоссын.
  2. Алматы қаласының барлық аумақтық мемлекеттік органдары мен оларға ведомстволық бағыныстағы ұйымдары, заңды тұлғалары (меншік нысанына қарамастан):

1) жұмыс күнін барынша қысқартсын;

2) өз қызметкерлері мен клиенттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етсін:

 - үй-жайды ылғалды жинау және дезинфекциялау күніне 2 реттен кем емес;

- дүкендердің, дәріханалардың, медициналық мекемелер мен басқа да ұйымдардың кіре берістерінде санитайзерлер орнату;

– үй-жай ішіндегі адам саны бойынша шектеу қою – 20 шаршы метрге 1 адамнан артық емес;

 - азық-түлік дүкендеріне және дәріханаларға бір пайыздық кіру 2 адамнан аспайды;

- үй-жайдың ішінде және сыртынан адамдар арасында кемінде 2 метр қашықтықты сақтауды бақылау;

- үй-жайдың ішінде және сыртында кезекте 5 адамға дейін шектеудің сақталуын бақылау;

 - үй-жайға жеке қорғану құралдарынсыз (медициналық маскасыз) кіруге жол бермеу.

 

Карантин ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту:

Карантиннің белгіленген шаралары мен шектеулерін орындамау үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған (ӘҚБтК-нің 476-бабы – 10 АЕК айыппұл немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу).

Төтенше жағдай кезінде билік өкілінің заңды талабына бағынбау үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған (ҚР ҚК 379- бабы – 2 мың АЕК айыппұл немесе 2 жылға бас бостандығынан айыру).

Санитариялық қағидаларды абайсызда адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан бұзу үшін (ҚК-нің 304-бабы – 2 мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл немесе 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу).

Қала көшелерін құқық қорғау органдары мен ҚР Ұлттық ұланының күші, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерінің бөлімшелері тәулік бойы күзететін болады.