Қазақстан • 28 Наурыз, 2020

Бүгін еліміздің 5 қалаcында ауа сапасы нашарлайды

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Бүгін еліміздің 5 қалаcында ауа сапасы нашарлайды

28 наурыз күні Балқаш, Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе және Шымкент қалаларында ауа сапасы нашарлайды, яғни ауа ластанады. Қазақстанның өзге қалаларында ауа сапасы бірқалыпты болады. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.