Әлем • 28 Наурыз, 2020

Гарвард ғалымдары: Коронавирус 16-18 айға жалғасуы мүмкін

1104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазіргі таңда әлемнің 201 мемлекетіне тарап үлгерген коронавирус дертінің екінші толқыны жүріп жатыр» дейді ДДСҰ. Яғни, наурыздың 26 күнгі мәлімет бойынша әлемде бұл вирусты 465 915 адам жұқтырса, оның 21 031-і бақилық болыпты. Соңғы екі күнде жаңадан 100 мың ауру тіркелген екен.

Гарвард ғалымдары: Коронавирус 16-18 айға жалғасуы мүмкін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) әрбір мемлекет дерттен сақтану шараларын мүлтіксіз орындамаса, аса үлкен қатерге ұрынары сөзсіз дейді. Осы орайда БҰҰ дерт жайлаған жағдайы төмен елдерге көмектесу үшін 2 миллиард доллар көлемінде қаржы жұмсауды қолға алып жатыр. 

«Бұл жай бір аталуы көмек емес, қайткен күнде атқарылу тиіс шара» дейді БҰҰ.

Осы орайда Гарвард универстетінің ғалымдары, әлем елдері сақтық  шараларын күшейтпесе бұл дерт 16-18 айға дейін созылуы мүмкін екенін айтып дабыл қағуда. Ғалымдардың пайымдауынша, вирустың сәл-пәл тоқырауына алданып қалуға болмайды, өйткені, әлем сауықпай бұдан құтылу қиын көрінеді.