Аймақтар • 28 Наурыз, 2020

Павлодарда коронавирусқа шалдыққан жігіттің жағдайы қалыпты

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өңірімізде 27 наурыз күні   коронавирустық инфекцияның тіркелу жағдайы айтылды.

Павлодарда коронавирусқа шалдыққан жігіттің жағдайы қалыпты

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Біржан Досмайыловтың мәлімдеуінше, облыс орталығында тұратын азамат коронавирустық инфекцияны Нұр-Сұлтан қаласында жұқтырған.

 – Ер азамат бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясына шалдыққан адаммен байланысқа түскен. Қазір науқас бекітілген медициналық тәртіпке сәйкес арнайы дайындалған емдеу орнына жатқызылды.

Біржан Досмайыловтың айтуына қарағанда, қазіргі уақытта науқастың жағдайы қалыпты. Дене қызуы тиісті деңгейде. Бақылауда.

Ал, ер азаматпен араласқан басқа адамдар да анықталып, қажетті іс-шаралар қолданылуда.

Қазір өңірде COVID-19 вирусының таралуының алдын-алу үшін тәулік бойы арнайы штаб жұмыс істеуде. Облыстық балалар ауруханасында 60 орынға арнайы арналған жеке бокстар, 100 орындық провизорлық стационар жасақталған.

Сонымен қатар, 150 орындық госпиталь дайын. Медицина мамандары коронавирусты емдеу және диагностика жасау бойынша оқу курстарынан өткен.

ПАВЛОДАР