Енді оқырмандар актрисаны жауапкершілігінің төмендігі, эгоистігі үшін айыптап жатыр. Актрисаның өзі «кейбір адамдар өз өмірін бостандықтан да артық көреді. Ал кейбіреулер бостандықты өмірден артық санайды. Біз өзіміз таңдау жасаймыз»-депті парақшасында. Ол сондай-ақ, «коронавирус – жәй ғана тұмау. Осыны пайдаланып кейбіреулер президент сайлауына әсер еткісі және адамдар арасында дүрбелең тудырғысы келеді»-дейді.
We Got This Covered басылымы бүгінгі таңда Marvel студиясы Лиллимен әріптестік байланысты үзгісі келетінін хабарлады. Басшылық оның пікірлерін жаратпай отырғанға ұқсайды. Оның «Адам-құмырсқа-3» фильміндегі экрандық сәттерін, яғни, оның осы фильмдегі бейнесін алып тастамақ. Ары қарай мүлде онымен келісім-шартты бұзбақ.