Әлем • 28 Наурыз, 2020

Өзбекстанда тағы бір науқас вирустан көз жұмды

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстан билігі бүгіннен бастап азаматтарға үйлерінен шығуға тыйым салды. Қазіргі уақытта жұқпалы аурудың 104 дерегі анықталды.

Өзбекстанда тағы бір науқас вирустан көз жұмды

Тұрғындар тек дәріханалар мен дүкендерге бара алады. Көшеге тек бетпердемен шығу керек. Әйтпесе, тәртіп сақшылары әкімшілік жауапқа тартады. Ережені елемегендер 120 доллар көлемінде айыппұл төлейді.

Сонымен бірге қоғамдық орындар мен көшелерде енді адамдар үшеуден артық жиналмайтын болды. Азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіргендер 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.