Көліктер бара алмайтын маңға атты патрульдер шұғыл жағдайда жұмылдырылатын болады. Полиция қызметкерлеріне аттарды белсенді азаматтар тегін беріп отыр, делінген polisia.kz мәләметтерінде. Бүгінде Алатау ауданының «Рахат» және «Мәдениет» ықшам аудандары тәрізді шалғай елді мекендер аумағындағы адам аяғы жете алмайтын учаскелер бақылауға алынған. Алатау аудандық полиция бөлімінің бастығы Ұ.Әбілқайырдың айтуынша, аталған ауылдар арқылы Алматы облысының аумағына айналма жолдармен кіруге болады. Алайда қазіргі кезде бұл бағыттарда бетон плиталарынан қорғаныс орнатылып, атты патрульдер жұмысы күшейтілген. Заңсыз әрекеттер мен тәртіп бұзушылықтар жайында учаскелік инспекторлар дер кезінде орталықты хабарландырып отырады.
АЛМАТЫ