Әуе кемелері өндірісіне әсер етіп отырған келесі бір жағдай - мұнай бағасының төмендеуі. Әуе компанияларының жолаушыларды тасымалдау саласындағы жаһандық кірістері коронавирустық пандемияға байланысты 2020 жылы 44% төмендеуі мүмкін, делінген Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) мәліметтерінде. IATA талдауы бойынша Азия-Тынық мұхиты аймағындағы авиакомпаниялар өткен жылмен салыстырғанда көп шығынға ұшырауы мүмкін, яғни, кем дегенде табысы 88 милрд долларға азаяды. Екінші орында еуропалық авиакомпаниялар – - 76 млрд доллар, ал Солтүстік Америка да – - 50 млрд доллар.
IATA басшылығы халықаралық рейстер тоқтатылғаннан кейін компаниялар айтарлықтай дағдарысқа ұшырайтындығын айтып, әрбір ел азаматтық авиацияға көмек қолын созуы қажет деп санайды. Бүгінде IATA әлемдегі әуе сапарларының 82% құрап отырған 290 авиакомпания мәліметтерін талдау мүмкіндігіне ие.