Қазірдің өзінде аталған қорға өңір кәсіпкерлерінен қаражат түсе бастады. Атап айтқанда, «Yandex Corporation» компаниясы акционерлерінен қордың есеп-шотына 100 миллион теңгеге жуық ақша түсті. Бұдан бөлек, «Ydd Corporation», «QazCarbon» сынды фирмалардың, «Сарыарқа-Нан» зауытының және Балқаш қаласының «Балқаш-Нан» кәсіпорнының еңбек ұжымдары бір күндік еңбекақыларын аударды. Бүгінгі күнде жиналған қаражаттың жалпы сомасы 18 миллион теңгені құрады. Бұл ақша коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күреске, сондай-ақ тұрмыстық ауыр жағдайларға тап болған адамдарға әлеуметтік көмек ретінде жұмсалатын болады.
«Көмек-2020» облыстық қоғамдық қорының жұмысын құрамына медицина ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қани Мұсұлманбеков, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Бекзат Алтынбеков, «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ ректорының кеңесшісі, Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Вилен Молотов-Лучанский, Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Серік Ақсұңқарұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорт қайраткері Валерий Громов енген Қамқоршылық кеңес бақылайды.
Қарағанды облысы